2 жылдан астам уақыттан бері, күні бүгінге дейін "Мақтаарал" футбол клубының бас бапкері - Қарақұлов Қуаныш Біләнұлы еді. Аталған бапкер, 2016 жылы "Мақтаарал" клубы бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарды. Араға жыл салып бас бапкер қызметіне ресми түрде тағайындалған болатын.
Айта кетейік, Қуаныш Білəнұлының кезінде "Мақтаарал" толағай табыстарға қол жеткізді десек артық айтқанымыз емес. 2017 жылы Мақтааралды үздік төртікке кіргізіп, Премьер Лигаға берілетін жолдама үшін "Ақжайықпен" өтпелі матч өткізді. Сонымен қатар: 2018 жылғы "ҚР кубогы" үшін болған жарыста, азулы "Астананы" артқа тастап, 1/4 финалына дейін жеттік.
Бұл естушілер үшін көңіл көншітер нәтиже емес болар, бірақ "Бірінші лига" командасы үшін өте тамаша жетістік. Осындай дәрежеге жеткізе білген бапкерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Үлкен рақмет Қуаныш Білəнұлы!
Бапкер, Мақтааралмен бірге 2018 жылғы маусымда да біршама жақсы өнер көрсетіп келе жатты. Десек те алда әлі талай турдың бар екенін ескерсек Мақтаралдың үздіктер қатарынан көрінетініне сенеміз.
Артық сөздің де ойдың да қажет жоқ. Қарақұлов Қуаныш Біләнұлы өзінің отбасылық жағдайы және жеке басына қатысты себептерге байланысты, өз еркімен клубтан кетті. Егер Қуаныш Білəнұлы, барлық жағдайларын реттеп алып бізді қайта қуантамын десе, есігіміз əрқашанда ашық.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Хамзин Иван Дамирұлы уақытша бас бапкер міндетін атқарады.