Қазақстан футбол федерациясының Сертификация бойынша комиссиясы 2 наурызда кезекті отырысын өткізді.
Жиында 2022 жылдың 9 ақпанындағы комиссия шешімінің міндетті талаптарын орындаған «Мақтарал» мен «Ордабасы» футбол клубтарына Olimpbet-Қазақстан чемпионаты мен Olimpbet-Қазақстан Кубогіне қатысуға рұқсат берілді. Сонымен қатар комиссия шешімінде футбол клубтарынан өзге ескертулерді де орындауды талап етілген.
Айта кетейік, Премьер-лиганың алғашқы турында қос команда өзара мықтыны анықтайтын болады. Матч 5 наурыз күні Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET