Кеше Германия құрамасының қақпашысы
Мануэль Нойер Бундестимнің жаңа рекордын орнатты. Майнцтағы "Опель-Аренада" Эстония құрамасын қабылдап, 8:0 етіп ұтты. Бұл матч Нойер үшін мерейтойлы 88 ойындағы 37 "құрғақ" матч болды. Осылайша, 33 жастағы қақпашы осыған дейін 1979 жылы қақпашы Зепп Майер орнатқан рекордтан асып түсті. Ол кезде Зепп Майер 36 матч қақпасына гол жібермеген еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.