Жозе Моуриньо келесі маусымға командасының жаңа капитанын жариялады.
Алдыңғы маусымда вице-капитан болған Антонио Валенсия, жаңа маусымға жаңа капитан болып тағайындалыпты. Өткен маусымның капитаны Майкл Каррик болған еді. Ал, Антонио Валенсия өткен маусымдағы Манчестер Юнайтедтің үздік ойыншысы атанған екен.