Ағылшындық клуб португал бапкеріне талап қойды. Тура қазіргі жағдайға байланысты егер де "МЮ" чемпионат соңында үздік төрттікке енбесе, яғни Чемпиондар лигасына жолдама алмаса онда қызметінен босатылады. Қазір "қызыл сойқандар" 8-орында келеді. 4-орындағы командадан олар 7 ұпайға қалып тұр.
Тағы бір ақпарат көзінің мәлімдеуінше егер "МанЮнайтед" бұл тапсырманы орындай алмаса Моуриньоның орнына бапкер болып "Тоттенхэм" бапкері Маурисио Почеттино келеді екен.