Енді "Ман Ситидің" қатарынан екінші рет чемпион атануын екі адам шеше алады. Біріншісі- бас бапкер
Хосеп Гвардиола болса, екіншісі - қорғаушы
Александр Зинченко. Британиялық басылымдар украиналық футболшы туралы осы жылы лебіз білдіріпті. Расында, бұл сөздің жаны бар секілді. Енді Гвардиолаға келсек, ол енді белгілі жайт. Ал Зинченконың жай қызық. Өйткені, АПЛ-да Александр қатысқан 19 матчтың барлығында оның командасы жеңіске жеткен. Яғни, 2017 жылдың 13 желтоқсанында "Суонсимен" болған ойыннан бастап, кешегі "МЮ"-ке қарсы жеңісті ойынның аралығы Зинченконы клуб талисманына айналдырып отыр.
Енді бұны білген Хосеп Гвардиола біріншілікте қалған "Бернли", "Лестер", "Брайтонмен" өтетін ойындарға Александрды шығаруы бек мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, егер "Ман Сити" осы 3 матчта жеңіске жетсе, АПЛ қатарынан екі жыл чемпион болған бірінші клуб атанады.
Шамкен БАЙЫРБЕК.