«Манчестер Сити» 8 жылда 1,5 млрд еуроға ойыншы сатып алған
06.09.2018, 16:12
Жарнама
Жарнама
Швейцарияның CIES Football Observatory компаниясы жүргізген зерттеулерге сәйкес, 2010-2018 жылдар аралығында трансфер нарығында ең көп қаржы жұмсаған клуб анықталды. Бұл компания футбол статистикасымен айналысады.
Осы уақыт ішінде трансфер нарығында «Манчестер Ситидің» белсенділігі жоғары болған. Ағылшындар 8 жылдың ішінде 1,47 миллиард еуроға ойыншы сатып алған.
Алғашқы бестікте сондай-ақ «Челси» (1,31 млрд), «Барселона» (1,26 млрд), «ПСЖ» (1,24 млрд) және «Манчестер Юнайтед» (1,1 млрд) бар.