Жарнама
Жарнама

"Ман Сити" төрағасы аль-Мубарак: "Бұл біздің клубқа ғана емес, бүкіл АПЛ-ға жасалған шабуыл деп білем"

27.05.2019, 19:13
Жарнама
Жарнама
"Манчестер Сити" директорлар кеңесінің төрағасы Хальдон аль-Мубарак соңғы кездегі өз клубына қатысты сындар мен fair-play қаржылық қиындықтары мен трансферлік саясат туралы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында тарқатып айта кетті.  - Расында, біздің клуб төңірегіндегі алып қашпа сөздердің еш біріне сенуге негіз жоқ. Соңғы кездері "Сити" УЕФА-ның fair-play қағидаларын ескермей трансферлік ауысым кезінде тым көп қаржы жұмсайды деп сынауда. Ал құрамға зер салып қарасаңыздар, АПЛ-дағы ТОП-10 қымбат трансферден біздің бір футболшына таппайсыз. Ал бізбен бір қалада орналасқан "МЮ"-да 89 млн фунтқа сатып алынған Поль Погба мен 75 млн фунт тұратын Ромелу Лукаку, биыл біздің негізгі бәсекелесіміз болған  "Ливерпульде" 75 млн фунтқа бағалаған Вирджил ван Дейк бар. Сондықтан, "Сити" трансферлік ауысым кезінде ақша жұмсаудан алдына жансалмайды деу тым артық.  Біздің клубтың трансферлік рекорды  2018 жылы "Лестерден" 60 млн фунтқа сатып алған Рияд Марезді. Одан кейін "Атлетиктен" 57 млн фунтқа келген Эмерик Ляпорт, 55 млн. фунт жұмсаған Кевин де Брюйне, 52 млн фунтқа шығындалған Бенжамин Менди тұр.   "Манчестер Сити" трансфер кезінде сауатты жұмыс істей білетін менеджмент дұрыс жолға қойылған клуб. Әйтсе де біз туралы неге осындай сынның өріп жүретінін түсінуге болады. Өйткені біз АПЛ бойынша ең қымбат футболшыны (Поль Погбаны "Ювентустан" сатып алғанын айтып тұр), ең қымбат қақпашыны (Кепа Аррисабалага - "Челси"), ең қымбат шабуылшы (Ромелу Лукаку - "МЮ") мен ең қымбат  жартылай қорғаушыны (Анхель ди Мария - "Манчестер Юнайтед") сатып алған жоқпыз. Соған қарамастан екі жыл қатар топ жардық. Ал қызғаныш пен көреалмаушылық осындай сөздерді айтуға мәжбүрлейді.  Осындан соң Хальдон мырза УЕФА-ның fair-play ережесін бұзды деген ақпаратқа және Ла Лига президенті Хавьер Тебастың пікіріне қатысты жауабын берді. Естеріңізге сала кетейік, Тебас "Ман Сити" мен "ПСЖ"-ны БАӘ мен Катар мемлекеттерінің қуыршағына айналған жасанды клубқа айналып кетті. Өйткені, олардың демеушілері мемлекеттік компаниялар. Сондықтан, олардың Чемпиондар лигасынан шеттету керек. Неге десеңіз, осылай екі клуб та өздерінің шынайы кіріс пен шығыстарын жасырып келеді деп айыптаған-ды. "Меніңше, клубтың қаржылық демеушісімен оны этникалық тобына тоқталу екіжүзділік дер едім. Тіпті, мен бұл жайтқа алаңдаулымын. Меніңше, Тебас мырзаның бұл сөздерін барып тұрған есуастық деп есептеймін. Түптеп келгенде трансферлік кеңістікті жоғары деңгейге шарықтатып жіберген біз емес қой. Мәселен, "Реалдың" 2000 жылдардың басынан бергі сатып алған ойыншыларға жұмсаған қаржысын қараңыздаршы. Олар сол кез үшін рекордтық сомма болатын. Ал қазір де сол қарқыннан таңған жоқ. Мен УЕФА әділ шешім шығарып, бізді ақтап алатынына сенемін. Өйткені, біздің мәліметтеріміздің барлығы қисынға келерлік. Жасырған ештемеміз жоқ.   Бұл тек бізге қана емес, бүкіл АПЛ клубтарына жасалған шабуыл дер едім. Өйткені, біздің лига әлемдегі қаржылық жағынан теңдесі жоқ, дамыған біріншілік екені даусыз.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

      
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров