Жарнама
Жарнама

Максим Самородов РПЛ-дің 20-турының символикалық құрамына кірді

Бүгін, 11:54

Қазақстан құрамасының футболшысы Ресей премьер-лигасының өткен турының қортындысы бойынша үздік жартылай қорғаушы атаныпты.

Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

Бұл танымал «Чемпионат» сайтының нұсқасы. Символикалық құрамның толық нұсқасы төмендегідей: 

Қақпашы: Никита Кокарев («Химки»).

Қорғаушылар: Хуан Касерес («Динамо»), Виллиан Роша (ЦСКА), Максим Осипенко («Ростов»), Руслан Безруков («Рубин»).

Жартылай қорғаушылар: Александр Черников («Краснодар»), Стефан Лончар («Акрон»), Максим Самородов («Ахмат»), Сергей Пиняев («Локомотив»).

Шабуылшылар: Лусиано Гонду («Зенит»), Мирлинд Даку («Рубин»).

Бас бапкер: Рашид Рахимов («Рубин»).

Ресей премьер-лигасының 20-турында «Ахмат» сырт алаңда мәскеудің «Локомотивімен» кездесіп, тең тарқасты (1:1). Матчың 16-минутында Алексей Батраков есеп ашса, 40-минутта Максим Самородов таразы басын теңестірді. Гол соғылған сәтте Максим жеке шеберлігін паш еткен болатын. 

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы матчтың 89-минутында өз орнын командаласына босатқан.

Қазақстандық футболшы грозныйлық клуб сапындағы 14 матчта 3 рет мергендік танытты. Сондай-ақ, Самородов екі ассист берген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров