«Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов Ресей мен Қазақстан біріншіліктерін салыстырып, қос чемпионаттың кей тұстарын тілге тиек етті.
Қазақстандық футболшы былтыр грозныйлық клубтың жейдесін киген болатын. Оған дейін М. Самородов «Ақтөбенің» намысын қорғаған.
«Өздеріңіз де білесіздер, жуырда ол жақта Әлем біріншілігі өтті. Сондықтан, Ресейде спорт кешендері, стадиондар жоғары деңгейде. Ал клубтардың өздерінің деңгейіне келер болсақ, мұнда айқын фаворит пен осал команда бар деуге келмейді. Қалпақпен ұрып аламын-ау деген көңіл-күй мүлде жоқ, бүкіл матчқа барыңды салып дайындалуың керек. Жалпы айтқанда мықты чемпионат, сапалы легионерлер бар. Жергілікті ойыншылардың да деңгейі жоғары. Келгелі бері тек оң әсер алып жатырмын», - деді М. Самородов.
Максим Самородов РПЛ-дің 24/25 жылғы маусымындағы 12 матчта 2 рет мергендік танытып, 2 ассист берген. Сондай-ақ, Ресей Кубгіндегі 5 кездесуде 2 гол салған болатын. Футболшы мен грозныйлық команданың келісімшарты 2028-жылдың 30-маусымына дейін жарамды. Самородовтың дәл қазір нарықтық құны 1, 20 млн еуро.
Біздің серіктес: FONBET