Жарнама
Жарнама

Максим Самородов: «Гризманн, Мбаппе секілді футболшыларға қарсы ойнауым мүмкін деп ешқашан ойламадым»

27.03.2021, 03:50
Максим Ұлттық құрамаға алғаш рет шақыртылды
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» 18 жасар ойыншысы Максим Самородов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасына алғаш рет шақырту алғандығы туралы пікір білдірді:

- Соңғы күндері сөзбен айтып жеткізе алмайтындай сезімдерді бастан кешудемін. Гризманн, Мбаппе секілді футболшыларға қарсы ойнауым мүмкін деп ешқашан ойламадым. Бұл үздік ойыншылар. Құрама сапына мені жақсы қабылдады. Барлық жігіттермен танысып, достасып кеттік. Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма әлі де сене алар емеспін. Әрине, әрқашан осыны күтіп, үміттенесің, бірақ, шынымды айтсам, мені жастар құрамасына шақырады деп үміттендім. Армандар орындалады!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров