Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов бала кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, шеберлігін шыңдауға атсалысқан адам туралы айтты.
«Өзіміздің ісімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерткен шығармыз. Жалпы, қазіргі жағдайға басқаша қарайтын болдық. Әрбір ұпай алтыннан бағалы, осыдан келе команда ойын барысында өзін жеңіл ұстап, алаңда тартымды көрінетін болып жүр. РПЛ-де қалу ниеті бар. Оқу-жаттығу жиындарын қарқынды өткіздік. Мен өзімнің атама алғыс айтамын. Оны бас бапкерім десем де болады. Үнемі мазақтап, қытығыма тиетін. Бұл мені одан ары қамшылайтын. Әлі күнге дейін атам менің бас бапкерім болып келеді. Бір мысал келтірейін. Бала күнімде 23:1 есебімен жеңіске жеткен болатынбыз. Мен 22 гол соққам, ал атам тұрады да «аз» дейді ғой. Ал енді осыдан кейін не айтуға болады?», - деді грозныйлық клуб футболшысы.
Максим Самородов РПЛ-дің 14 кездесуінде 3 гол салып, 2 ассист берген. Отандасымыз осы демалыста 20-тур аясындағы «Локомотивке» қарсы сырт алаңдағы ойында шеберлігін паш етіп, мергендік танытты (1:1).
Біздің серіктес: FONBET