"Ордабасының" жартылай қорғаушы Май Махлангу команда сапына қосылып, жаттығуларға кірісті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Оңтүстік Африка елінің футболшысы Май Махлангудың клубпен әлі бір жылдық келісім-шарты бар. Бірақ маусымаралық үзіліс кезінде Түркия пандемияға байланысты өз аумағына көптеген мемлекеттің өкілдерін кіргізбеді және бұл тізімге ОАР-да кірді. Сол себепті Махлангу шымкенттік клубтың ОЖЖ-на қосыла алмады.
Махлангу "Ордабасы" командасына 2019 жылы ауысты. Содан бері шымкенттік клуб жейдесінде 55 ойын өткізіп, 4 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET