Кипрдегі ойынның қалай өрбігендігі туралы «Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Иван Маевский не айтқанын клубтың баспасөз қызметі жеткізді.
- АПОЭЛ – өте мықты команда. Біз күткендей кездесу қиын өрбіді. Біз барынша ұйымшыл ойнауға тырыстық және ол көп жағдайда біздің қолымыздан келді деп ойлаймын. Алайда, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Біз бұл жағынан үлкен қиындықтарға тап болудамыз. Себебі, төрт ойын қатарынан гол соға алмай келеміз. Сондықтан, шабуылды соңына дейін жеткізу тұрғысында көп еңбектену қажет. Өйткені, соғылған гол болмаса, топтық кезеңге шығу мүмкін емес.
- Командада 70-ші минуттан кейін физикалық тұрғыда шаршау көрінді. Ауа-райының қатты ыстық болуы өз әсерін берді ме?
- Біз бірінші таймда жақсы қимылдап, көп күш жұмсадық. Сондықтан, ойын соңында аздаған шаршау байқалды. Оған қоса, ауа-райының қатты ыстық болуы өз әсерін тигізді.
- Бірінші ойынның нәтижесінен кейін, команданың топтан шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
- Кипрдегі сәтсіздіктен кейін, АПОЭЛдің келесі кезеңге өту мүмкіндігі жоғарылады. Дегенмен, бізді алда барлығы шешілетін 90 минут күтіп тұр.
Біздің серіктес: FONBET