Әзірге Юрген Клопп шәкірттерін тоқтату мүмкін болмай тұр.
Ағылшын премьер-лигасының 21-турында "Ливерпуль" өз алаңында "Шеффилд Юнайтедті" қабылдап, 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, Юрген Клопп тізгіндеген команданың АПЛ-да жеңілістің ащы дәмін татпағанына тура бір жыл болыпты. "Ливерпуль" Англия чемпионатында соңғы рет 2019 жылдың 3 қаңтарында сырт алаңда "Ман Ситиден" 1:2 есебімен ұтылған еді. Содан бер "Ливерпуль" 32 матчта жеңіске жетіп, 5 мәрте қарсыласпен тең тарқасқан екен.
Біздің серіктес: FONBET