Жарнама
Жарнама

"Ливерпуль" - Николя Пепені сатып алмайтын болды

12.06.2019, 22:02
Жарнама
Жарнама
Шабуылшы іздеп жүрген "Ливерпуль" "Лилль" сұрмергені Николя Пепені сатып алу ойынан бас тартып отыр. Басты себеп "Лилль" Кот-д'Ивуар құрамасының 24 жастағы шабуылшысы үшін 80 млн. еуро сұрап отыр. Ал ағылшын клубы бұл қаражатты тым асыра сілтеу деп есептейді. оның үстіне Николяның өзі жақында Испания чемпионатында ойнағасы келетінін қадап айтқан-ды. Николя Пепе биылғы маусымда Франция чемпионатында 38 ойын өткізіп, 22 гол салған, 14 рет нәтижелі пас берген. "Ливерпуль" жақында Даниэль Старриджбен қоштасқан соң тек 4 шабуылшымен қалды. Ал Юрген Клопп болса жазда әлі бір шабуылшы алуды көздеп отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров