Биылғы трансферді тыныш өткізген ұжым өзінде бар ойыншылармен жан-жақты жұмыс істеп жатыр.
Бүгін "Ливерпуль" 26 жастағы ағылшындық жартылай қорғаушысы Алекс Окслейд-Чемберленмен көп жылдық келісім шартқа қол қойды. Дәлірек айтқанда ойыншымен арадағы келісім мерзімі 2023 жыдың жазына дейін ұзартылды.
Кейбір британдық БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, енді жартылай қорғаушы аптасына 120 мың фунт алатын болады.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET