Тұрақтылық деп осыны айт!
Кеше "Барселона"-"Валенсия" арасындағы матчтың 73 минутында Месси гол соғып, есепті қысқартқан болатын.
Сол голдан кейін Лео Король Кубогында бұрын соңды қайталанбаған нəтижеге қол жеткізді. "Барса" биыл қатарынан 6 рет финалда ойнап, соңғы 4-еуінде жеңгенін айтқанбыз. Міне, сол 6 матчта да Месси гол соққан жалғыз ойыншы. "Opta" порталының мəліметінше, Лео турнир тарихындағы бұл көрсеткішке жеткен алғашқы - футболшы.
Шамкен БАЙЫРБЕК.