Әли Әлиев ӘЧ-2026 іріктеу ойындарының алдында Қазақстан құрамасын жаңарту мен ойыншылардың жасы туралы пікірімен бөлісті.
Бас бапкердің пікірінше, құрамаға жаңа есімдерді тарту қажет.
«Іріктеу ойындарын Уэльс пен Лихтенштейнмен бастайтынымыз жақсы болды. Өз алаңымыздағы матчтың барлығы төбесі жабық жасанды төсеніші бар «Астана Аренада» өтеді. Сондықтан, үйдегі ойындардың барлығында, тіпті бельгиялықтардың өзінен ұпай алуымыз керек.
Бізге команданы жаңарту қажет. Шабуыл шебіндегі барлық футболшының жасы 25-26-да, 35-тегі Асхат Тағыбергеннен өзге бүкіл жартылай қорғаушыларымыз жас. Енді қорғаныстағы ойыншыларды алып көрейікші – Әліп – 26, Жұмаханов – 22, Марочкин – 32, Вороговский – 30... Меніңше, бұл жерде құрамды «жасартудан» көрі «жаңарту» керек деген дұрыс сияқты. Кей ойыншылар өзінің шегін көрсетті. Енді оларды алмастырып, жаңа футболшыларға мүмкіндік беру керек. Ал қақпашылар 35-ке дейін жоғары деңгейде өнер көрсете алады», - деді қазақстандық маман.
Әли Әлиев ҚПЛ-дің өткен маусымында «Қызыл-Жар» мен 9-орын алған еді. ҚФФ басшылығының шешімімен отандық маман екі ойынға Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Алғашқы қарсыластар Лихтенштей мен Уэльс. Ұлттық команда J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен таласады.
Біздің серіктес: FONBET