Роберт Левандовски "Бавариядан" кетпейтін болыпты.
Bild басылымының мәліметі бойынша, польшалық шабуылшы мюнхендік клубта қалатын болып шешіпті. Бұл мәселе "Бавария" басшылығымен келісіліп қойғанын,-sports.ru басылымы хабарлады.
Біраз уақыт бұрын Левандовски клуб басшылығына кететіні жөнінде айтқан болатын. Шабуылшыға "Реал" мен "Челси" қызығушылық танытып отырған көрінеді.