«Манчестер Сити» шабуылшысы Лерой Сане «Баварияға» осы жазда ауысқысы келеді және келісім-шарт жасасу үшін жеңілдіктер жасауға дайын.
Sport Bild-тің хабарлауынша, 24 жастағы ойыншы трансфер жүзеге асуы үшін жалақы талаптарын 30 пайызға төмендетуге дайын екенін білдірді. Бұл қадам коронавирустың футбол нарығындағы әсеріне байланысты. Еске салайық, Сане былтыр жазда «Баварияға» қосылуға өте жақын болған, алайда "Ливерпульмен" болған Англия Суперкубогындағы матчта ол тізедегі байламдарға зақым келтіріп, бірнеше ай бойы ойыннан шыққан болатын. Осыған байланысты «Бавария» футбол клубы "Манчестер Ситимен" шабуылшы туралы келіссөздерді тоқтатқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET