“Париж Сен Жерман” футбол клубының жартылай қорғаушысы, өзінің француздықтар сапында қалатындығын мәлімдеді.
![](https://ss.metronews.ru/userfiles/materials/136/1365429/858x540.jpg)
“Иә, мен осында қаламын, өзімді Парижде бақытты сезінемін. Сыбыстар? Жоқ , мен ешқандай клубқа ауыспаймын”,-деді Паредес.
Естеріңізге сала кетсек, аргентиналық футболшының “ПСЖ” сапынан кетіп , “Зенит” сапына қайта оралады немесе “Лацио” клубының хавбегі Сергей Милинкович-Савичті алмастырады деп хабарланған болатын. Алайда футболшы бұның барлығын жоққа шығарды.
“ПСЖ” Паредесті қаңтар айында “Зениттен” 47 миллион еуроға сатып алған болатын.
Футболшы париждіктер сапында 22 матчта алаңға шығып, 2 голдық пастың авторы атанды. 2018/19 жылы Франциялық “ПСЖ” және Ресейлік “Зенит” сапында чемпион атанды.
Дайындаған:Әлішер Хабидолла