Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жардың» футболшысы легионерлерді жер қылды

27.11.2024, 16:52

«Қызыл-Жардың» беларусиялық легионері Евгений Березкин «На банке» подкастында Қазақстан мен Беларусь біріншіліктерін салыстырды.

Евгений Березкин
Жарнама
Жарнама

«Спорттық жағынан біздікіне ұқсастау. Алаңдары? Иә, бұл жайлы көбісі айтуда, бірақ жағдай солай. Бұл туралы негізінен жергілікті футболшылар мен басшылардың талқылағаны абзал. Ал біз (легионерлер) шетелге келдік, келісімшартымыз бар, бізді доп тебуге ғана шақырды. Егер сен келіп алып, «маған анау ұнамайды, мынау дұрыс емес» - дейтін болсаң, онда үйіңе қайтып, өзіңе қолайлы жағдайларда өнер көрсет. Ал келіп алған екенсің, келісімшартыңды ақтап, барыңды сал да, өзіңнің жақсы қырыңды көрсет. Қалғанын сенсіз ақ шешіп алар», - деді «Қызыл-Жардың» жартылай қорғаушысы.

Евгений Березкин биыл ҚПЛ-де 22 матчқа қатысып, 8 гол салған. Жартылай қорғаушы петропавлдық команда сапында былтырдан бері өнер көрсетіп келеді. «Қызыл-Жардан» бөлек, ол өзінің елінде «Нафтан», «Торпедо» және «БАТЭ» сапында доп тепкен еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров