Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жардың» бас бапкерлігіне басты үміткер белгілі

19.12.2024, 15:29

Беларусь маманы Александр Бразевич «Қызыл-Жардың» тізгінін ұстауы мүмкін.

Александр Бразевич
Жарнама
Жарнама

Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, қазір петропавлдық клуб пен 51 жасар бапкер арасында келіссөздер жүруде. Айта кетейік, «Қызыл-Жарды» осыған дейін тізгіндеген отандық маман Әли Әлиев өз орнын босатқан болатын.

Александр Бразевичтің бапкерлік мансабы 2006-жылы өзінің отанында басталған еді: МТЗ-РИПО Минск командасы бас бапкерінің ассистенті болды. Сондай-ақ, Беларусьте «Динамо Брест», «Арсенал», «Слуцк» және «Смолевичи» сынды ұжымдарда бас бапкер қызметін атқарғаны белгілі. А. Бразевичтің менеджмент саласында да тәжірибесі бар – «БАТЭ»-дегі скауттар клубына директорлық еткен екен. Бұдан бөлек, оның жаттықтырушылық мансабында литваның «Жальгирис» және «Каунас» сияқты командалары да болды. Сондай-ақ, Александр Бразевичтің «Арсенал Дзержинскпен» 2022-2023-жылғы маусымда Беларусьтің Бірінші лигасының кубогін ұтып алғанын да қоса кету керек.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров