![](https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=250a9744a2ab0803443d38900d0db9d0-l&n=13)
Боруссияның футболшысы Кристиан Пулишич:«Ливерпуль» командасы сияқты осы маусымда Чемпиондар Лигасында финалға шығып, басты жүлдені ұтқымыз келеді.
"Финалға жету бұл бақыт. Біз өз күшімізді осы турнирде көрсетіп, барлық әлемді таңғалдырғымыз келеді. "Боруссия" клубы үшін басты мақсат Чемпиондар Лигасын жеңіп алу ".
Клопп? Ол клубқа келгенде мен "Боруссияның" жастар сапында өнер көрсетіп жүрдім. Юргенн мені негізгі командаға шақырып, барлық қолдауды көрсетті. Клопптың көрсеткен мейірімділігі мен жасаған жақсылықтары үшін ол кісіге әрдайым ризамын.
АПЛ? Бұл әлемдегі керемет чемпионат екенін білемін. Бұл лига өте үздік командаларға толы, әр ойыны тартысты өтетін керемет чемпионат. Олармен кездесе қалсақ барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Олармен ойнау бізге бақыт және тамаша сынақ ,-деп жазды Пулишичтің сөзін goal.com
Дайындаған Әлішер Хабидолла