«Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен қысқы трансфер кезінде «Интер» құрамына қосылуға дайын. Бұл туралы Sky Sport журналисі Фабрицио Романо хабарлайды. Футболшы 2020 жылдың жазында келісім-шарты аяқталғанша күткісі келмейді. Ол клуб басшылығымен жеке келіссөз жүргізуге дайын көрінеді. Ал «Интер» қазір ағылшын ұжымымен ресми келіссөз жүргізіп жатыр.
Эриксен «Тоттенхэм» сапына 2013 жылы ауысқан. 27 жастағы ойыншы биыл АПЛ-да 18 матч өткізіп, 2 гол салған және 2 нәтижелі пас беріпті.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET