Жарнама
Жарнама

Крауч: «АПЛ-де «Алтын бутсаны» Фернандеш жеңіп алады. 38 ойын - 38 пенальти»

29.09.2020, 02:28
Қазіргі сәтте «МЮ» ғана емес, «Реал» да, «Ювентус» та көбірек пенальти орындайтын боп кетті.
Жарнама
Жарнама

Англияның бұрынғы шабуылшысы Питер Крауч Премьер-лигада "Манчестер Юнайтедтің" пайдасына берілген пенальти санын мазақ етті.

"Мен Бруно Фернандешті Премьер-Лиганың "Алтын бутсасын" алады деп ойлаймын. Мен мұны "Манчестер Юнайтедтің" пайдасына берілген пенальти туралы аптасына бір рет еститінім үшін айтып отырмын. Барлығы 38 ойын бар, сондықтан 38 пенальти болады. Сіз келісесіз бе?

Менің ойымша, "Манчестер Юнайтедтің" "Брайтонмен" матчтағы он бір метрлік айып добы керемет болды. Мен матчта бір ұпай алдым деп ойлаған "Брайтон" ойыншыларының орнында болғанымда өзімді қалай сезінерімді білмеймін, бірақ матчтан кейінгі қол алысу басталған сәтте VAR іске кірісті", - деді Крауч Daily Mail басылымына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров