«Ұлытау» футбол клубына грузиялық қорғаушы Гиоргий Гадрани қосылды. Ол қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс алматылық «Қайраттың» сапында өнер көрсететін Лука Гадранидың туған бауыры.
Жарнама
Жарнама
Георгий былтыр Грузияның Бірінші лигасының «Спраери» командасында ойнаған. Және де чемпионатта үшінші орын алып, жоғары лигаға жолдама беретін ауыспалы матчта «Телавиге» есе жіберіп қойды. 30 жастағы гүржі елінің қорғаушысы биыл ғана ҚПЛ-ға шыққан «Ұлытаудың» намысын қорғауға ниетті. Оқу-жаттығу жиыны барысында Гадрани жеқазғандықтармен келісім-шартқа отырады деп жоспарлануда. Сондықтан келер жылы Премьер-лигада ағайынды Гадранилердің текетіресін тамашалайтын боламыз.