Ертең футболдан Қазақстан премьер лигасының жаңа маусымының 1-тур ойындары өтеді. Биылғы маусымда ел клубтарының дайындығы қалай? Фавориті кім?
Атырау – Елімай
Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Атырау» мен «Елімай» командасы кездеседі. “Атырау командасының жеңуі екіталай, негізгі мықты ойыншылары өзге командаға ауысып кетті. Өткен жылы керемет өнер көрсеткен, көп гол салған Николай Сигневич «Тобыл» командасына ауысты. Виталий Жуковский «Тұранның» бас бапкері болды. Ал ӘділетЖұмаханов «Елімай» командасына ауысты. Атыраулықтардың жағдайы қиын болып тұр. Ал «Елімай» биылғы чемпионаттың басты жеңімпазының бірі және бірегейі. Олар ұтуы тиіс», – дейді жанкүйерлер пікірі.
Қос команда ертең сағат 15:00 – де «Мұнайшы» стадионында өзара кім мықтыны анықтайды.
Ордабасы – Ақтөбе
Қазақстан Премьер Лигасының жаңа маусымында Ордабасы мен Ақтөбе командалары кездеседі. Матч 1 наурыз күні сағат 16:00-де Түркістан-Аренада өтеді. Ойынға дейін футбол жанкүйерлері мен сарапшылардың пікірі екі тарапқа бөлінді: “Тарихқа көз жүгіртсек қызыл-ақтар Ордабасыға қарсы сәтті ойын көрсетіп келді. Бірақ ҚР Суперкубогы үшін өткен матчта Ақтөбе лайықты ойын көрсете алмады. Тактика туралы түсінік жоқ, легионерлер тым әлсіз. Бұл тұрғыда Ордабасы да алысқа бармады. Ойын шымкенттіктердің өз алаңында өтпегендіктен, екі тарапқа да бірдей қараған дұрыс деп есептеймін”,– дейді футбол жанкүйері Қуан Мұқан. Ал сарапшылар төмендегі қос команда арасындағы соңғы 10 кездесудің тартысты өткенін тілге тиек етті:
25.08.24 Премьер лига
Ордабасы 1:1 Ақтөбе
18.05.24 Перемьер лига
Ақтөбе 0:0 Ордабасы
08.05.24 Қазақстан кубогы
Ордабасы 1:2 Ақтөбе
Жалпы, аталған ойындарда Ордабасы тек бір рет қана ірі есеппен жеңген. Қалған 5 матчта таразы басы теңесіп, Ақтөбе 4 рет жеңіске жеткен. Бұл статистика батыстық команданың шымкенттік жігіттерге қарсы соңғы жылдардағы тұрақты нәтижесін көрсетеді ...
Тобыл – Ұлытау
Бірінші ойын күнінің бағдарламасынқостанайлық «Тобыл» мен ҚПЛ - дебютанты«Ұлытау» арасындағы кездесу түйіндейді. Өткенмаусымды бесінші орынмен аяқтаған «Тобылдың» өз алаңында жаңа маусымды жеңіспен бастауға жақсы мүмкіндігі бар. Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы өз қатарынданегізгі көшбасшылар - Ислам Чесноков, АхмедЭль-Мессауди және Роман Асранқұловты сақтапқалды. Оларға Данил Устименко, ТемірланЕранов және 2024 жылғы маусымның ең үздікмергендерінің бірі, "Атыраудың" бұрынғыкөшбасшысы Сигневич та қосылды.
Қайсар - Жеңіс
Қазақстан Премьер лигасының жаңа маусымында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында 2 наурыз күні елордалық «Жеңіспен» кездеседі. Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, елге жақында оралған «Қайсар» құрамасы биылғы ойынды жаңа құраммен бастайтындарын ашық айтты. Команда шетелдік футболшылардан бас тартып, құрамда тек жергілікті футболшылар ойнайтынын да жеткізген. Осыған дейін «Жеңістің» қақпашысы ӘлішерСүлейменов жаттығу барысында иығынан жарақат алғанын хабарлаған еді. Сондықтан команданың толық құраммен шығу - шықпауы әзірге белгісіз. Айта кетейік, «Жеңіс» футбол клубы Ресейлік құрам Спартак – 2 ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Виктор Кумыков бастаған “Қайсар” жылдағы статистиканы өзгертіп, алғашқы ойынды сәтті бастар ма екен?
Тұран – Оқжетпес
Түркістандық "Тұран" өткен маусымда"Атырауда" орасан зор жұмыс атқарған беларусьмаманы Жуковскийдің басшылығымен алғашқыресми ойын өткізеді. Ол клубқа Беларусь, Ресей,Черногория және Өзбекстаннан бірқатарлегионерлерді әкелген еді. Мұндай жаттықтырушының келуі команданың жанкүйерлеріне үміт отын сыйлайтыны анық. Дегенмен, алғашқы матчтың өзінде былтырғы бірінші лиганың чемпионы «Оқжетпеспен»ойнауы жағдайды күрделендіреді. Өткен жыл жеңімпаздары «Тұраннан» бірден ұпай жоғалтабастаса, онда оларды жақсы ештеңе күтпейтінінтүсінеді.
Қызылжар – Жетісу
Жаңа жаттықтырушы кезінде команданы бақылау қызығырақ болары сөзсіз. Соңғы жылдары футбол жанкүйерлері де, команданың өзі де Әли Әлиев баптаған "Қызыл-Жар" тобына үйреніпқалғандай. Алайда, отандық маман өз жұмысын Қазақстан ұлттық құрамасында жалғастырып жатыр. Оның орнын Александр Бразевич басқан еді. Ал Самат Смақовтың "Жетісуы" маусымаралықкезеңдегі ҚПЛ - ның ең жабық командаларының бірі болуы мүмкін. Себебі, команданың құрамы, жаңадан келгендер және өткізілген матчтар туралы іс жүзінде ешқандай ақпарат жоқ. Кездесу 2 наурызда сағат 17: 00 – де өтеді.
Астана – Қайрат
Қазақстан Премьер – Лигасының 2025 жылғы маусымының тартысты кездесуі чемпиондықтан басты үміткер қос команда, Астана – Қайрат ойыны болғалы тұр. Осыған дейін, 24.000 мың жанкүйерді қабылдаған «Астана Аренаға» осы жолы 17.000 мың көрермен келеді деп күтілуде. Осыған дейін, алматылық команда футболдан Қазақстан Суперкубогінің финалында «Ақтөбемен» бәсекеге түсіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Кубок иегерлері елорда стадионында реконструкциядан кейін сәтті ойын өрнегін жүргізіп көрді. Ал Астананың ойыны әлі жұмбақ. Олардың оқу-жаттығу жиынына тоқталып көрсек, БАӘ – де өткен дайындықтың бірінші кезеңінде олар мәскеулік «Спартак» клубымен бақылау матчын өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліске ұшыраған еді. Ал екінші кезеңде 4 ойын жүргізіп, ГалфЮнайтед» (Дубай, БАӘ), «Чжэцзян» (Ханчжоу, Қытай) командаларынан басым түсті. «Краснодар» (Краснодар, Ресей) және «Динамо» (Самарқанд, Өзбекстан) командаларының бірінен жеңіліп, соңғысымен тең тарқасты. Маусымашар ел классикасында «Қайраттың» 16жасар шабуылшысы Дастан Сәтпаев ҚПЛ – дағы алғашқы голын соғар ма екен? Бірге тамашалайық!
Біздің серіктес: FONBET