«Кошице» клубының спорттық директоры Марек Сапара Ғалымжан Кенжебектің өнеріне тәнті.
Словакиялық маман Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы туралы жылы пікір білдіріп, клубының үлкен сенімін жеткізген еді. Айта кетейік, «Қайраттың» түлегі Кипрдің Екінші дивизионынан словакияның «Кошицесіне» ауысқан болатын.
«Оның кішігірім жарақаты болған, соның кесірінен бүкіл әлеуетін көрсете алмады. Алайда, Кенжебек жаттығуда жанын салып жүр, сондықтан, алаңда тиісті уақытын алатын болады. Біз оның кәсіби шеберлігі мен дамуына ризамыз және алдағы уақытта өзінің әлеуетін толық паш етеді деп сенеміз. Ол мінезі өте жұмсақ тамаша жігіт», - деді М. Сапара.
Ғалымжан Кенжебек Словакия чемпионатында үш матчта өнер көрсетіп, бір ассист жасаған. Бір кездесуге жарақатына байланысты алаңға шыға алған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET