Жарнама
Жарнама

Қош бол, Еуро, көргенше...

22.03.2024, 12:01

Еуро-2024 турниріне С жолынан Грекия мен Грузия финалға шықты. Грузия өз алаңында Люксембургті ұтса, өкінішке қарай, Магомед Адиевтің командасы Афина асуынан ары аса алған жоқ. 

 

Жарнама
Жарнама

Маңызды матчтың қысымы қазақ футболшыларын "жандырып" жіберді. Бас бапкердің ойыннан кейін айтқаны да осы еді. 

Магомед АДИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: 

"Біз матчтың осылай басталатынына дайын болмай шықтық. Бұл туралы ойын алдында талқыланса да. Бірінші минуттардан ғаламат қысымның болатыны жайлы көп сөйлесіп едік. Өкінішке қарай, мұның барлығы нәтижесін берген жоқ. Қарсылас 15-ші минуттың өзінде-ақ 2 доп айырмасымен алға шықты. Бәсекеге қайтып орала алмадық. Бұл жағдай немен байланысты? Қарсылас өте ширақ қимылдаған. Біздің футболшылар барын салды, бірақ жанкүйерлер алдындағы жауапкершлік жүгінен  "жанып" кеткен едік. Осының салдарынан тиісті жауап қату қиындай түскен болатын". 

Ресейлік бапкердің сөзі бірінші таймдағы жағдайды айна-қатесіз суреттейді. Әйтпесе, Бағдат Қайыровтың тізесі дірілдейтін жер ме еді? Қорғаушының Словакия, Данияға қарсы матчтардағы жігері, салқынқандылығы Афинада ұшты күйлі болғандай әсер қалдырды. Абзал Бейсебеков, сөзсіз тәжірибесі толысқан, қазақ футболында аты бар азамат қой, бірақ енді Магомед Адиевтің (егер қызметін жалғастырса) жастарға сенім артқаны жөн шығар. 
Жалры, жеке орындаушыларға кінә арту қаншалықты орынды?! Ұтсақ команда болып қуанып, жеңілсек жекелеген футболшылардан кінәрәт іздеу жаман әдетке айналып барады. Магомед Адиев айтқан психологиялық фактор мен футболшылардың физикалық дайындығы кем соққан секілді. Дубайдағы екі аптаны тықпалай берудің еш жөні жоқ. Қарсылас сапындағы барлық футболшы қызып тұрған чемпионаттарда доп теуіп жүр. Салыстыруға келмейді. Аспан мен жердей. Қос команданың жалпы дайындығын сол бірінші таймның алғашқы ширегі ақ дәлелдеп берді ғой. Көпшілік, Магомед. Адиевтің тактика тұрғысындағы қателігін алға тартуда. Неге 5 қорғаушы, Оразовты бірінші минуттардан қою керек еді?..  Мұндай "негелерді" әлі біраз уақыт еститініміз анық. Бірақ, не десек те, болған іс болды, бояуы сіңді. Позициялық қателіктер мен функционалдық-физика тұрғысындағы кемшіліктер Қазақстанның ашылып ойнауына мүмкін бермеді. Біздің жігіттер Словениямен болған ойындағыдай қысымға бой үйретіп, бүгінгідей бәсекелердің жауапкершілігін көтеріп үйренсе, біздің ауылда да тойдың болары күмәнсіз. Ал қалғанының барлығы біздің Рамазандардың бойында бар. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров