Жарнама
Жарнама

Қос тараптың да қателіктері көп болды

11.06.2024, 21:59

Қазақстан құрамасы екінші жолдастық кездесуін өткізді. Венгрияда Әзербайжанмен шеберлік байқасып, 3:2 есебімен жол бердік. Матчтан кейін Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін атқарушы Руслан Балтиев тілшілердің сауалына жауап берді.

Руслан Балтиев
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық маман матчтың барысы мен құрамаға не жетіспегені жайлы айтты. 

"Қос қақпа алдында да гол салатын талай мүмкіндік болды. Бір біріне сай екі қарсылас кездесті. Сондықтанда, осы ойыннан кейін Әзербайжан құрамасын жеңіспен құттықтағымыз келеді. Жалпы, қысқа-нұсқа айтқанда осы. Енді біз бірінші таймдағы гол үшін жеңіліп қалдық деп ойламаймын. Қателіктеріміздің кесірінен есе жіберіп отырмыз. Одан бөлек тағы екі доп жібердік. Бұл да футболдың бір бөлігі. Сол үшін керек кезде еңсе тіктеп, жинақылық таныту маңызды. Матчтың басы мен бірінші тайм соңында, екінші таймда да солай, сақтық, жинақылықты жоғалтпау аса маңызды дүние. Ал бізге осы тұрғыда жинақылық жетіспегендей. 

Кез-келген жағдайда да жеңіліс жағымсыз, әрине. Бүгінгідей футбол тек жанкүйерлер үшін ғана ұнайтын шығар, ал бапкерлерге  күрделі ойын. Не үшін? Себебі, қауіпті сәттерге толы, гол соғатын мүмкіндік екі жақтың да футболшыларында молынан болған бәсеке. Қос тараптың да қателіктері көп болды. Түзететін тұстар мен қателіктер жеткілікті. Дамытатын, жетілдіре түсетін жерлер де аз емес. Сондықтан, кез-келген жеңіліс ойлануға түрткі болады. Жұмысты қарқындатуға жақсы мүмкіндік қой былайша айтқанда. Әрбір сәтсіздіктен кейін қай жерден қателік жібергеніңді, футболшыларға ойыңды дұрыс жеткізбегеніңді түсінесің. Қателікпен жұмыс істейсің ғой. Сол үшін жіберген қателіктерімізді түзету үшін жұмыс істейміз.

Екі голдан кейін біз үшін ештеңе өзгерген жоқ. Тек ойынның желісі солай өрбіген еді, матчтың өзі осылай болды. Ешкім де тынышталуды ойламаған. Екі доптан кейін де ойнадық қой. Одан кейін біз үшін нәтиженің қысымы болған жоқ. Қалай дегенде де, бұл жолдастық кездесу ғой. Сондықтан да ойын осылай болған шығар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров