Копа Америка-2019 басталды
Бразилияда Копа Америка 2019 турнирі басталды. Бразилия мен Боливия арасындағы ойын жарыс шымылдығын салтанатты түрде ашып берді. Алаң қожайындары жарысқа тыңғылықты дайындалғаны тек ойындарынан ғана емес, кездесуге киіп шыққан жейделерінен де көрінді. Бразилия осы турнирге арнайылап ақ ретро жейде тіктірген екен.
![ÐÑÐ°Ð·Ð¸Ð»Ð¸Ñ - ÐоливиÑ: лÑÑÑие моменÑÑ Ð¼Ð°ÑÑа-оÑкÑÑÑÐ¸Ñ ÐÑбка ÐмеÑики 2019 (ФоÑо)](https://telegraf.com.ua/files/2019/06/BrazilS_19_result.jpg)
1919 жылы 100 жыл бұрын тура осындай жейдемен Бразилия Копа Америка-1919 турнирінің финалында Уругвай ұлттық құрамасына қарсы ойнаған екен. Сол ойын есебі 1:0 есебімен "селесаоның" пайдасына шешілген. Командалар 90 минут бойы өзара мықтыны анықтай алмай, 15 минуттан қосымша 4 тайм ойнаған. Ал, ойынның жалғыз әрі жеңісті голы матчтың 122-минутында соғылған.
![](https://s5o.ru/storage/simple/ru/edt/fd/80/4f/a5/rue98cf089902.jpg)
Бразилия соңғы рет ақ жейдемен 1950 жылы өздері қабылдаған Әлем Чемпионатында ойнаған. Жанкүйерлер ойыншылардан жеңіс күткенімен сол турнирдің тұғырынан көріну Уругвай командасына бұйырған екен. Сол жеңілістен кейін, ақ жейдені сәтсіздік әкелетін түс деп, бразилиялықтар жаңа сары-көк түсті жейдені ойлап тапқан. Және, сол жейдемен 5 мәрте Әлем чемпионы атанды.
![ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ñемпион миÑа бÑазилиÑ](https://ss.sport-express.ru/userfiles/materials/120/1202371/large.jpg)
Бүгін, Бразилия Боливия командасын қабылдап, жаттығу жиынын өткізді десек болады. Қонақтар 2 тайм бойына да өз алаңынан шықпады. Бірақ, қожайындар қанша шабуылдаса да есеп бірінші таймда ашылмады. Осы маусымын сәтсіз өткізген Коутиньо VAR көмегімен қойылған пенальтиден ойын есебін ашты.
![ÐÑÐ°Ð·Ð¸Ð»Ð¸Ñ - ÐоливиÑ: лÑÑÑие моменÑÑ Ð¼Ð°ÑÑа-оÑкÑÑÑÐ¸Ñ ÐÑбка ÐмеÑики 2019 (ФоÑо)](https://telegraf.com.ua/files/2019/06/BrazilS_21_result.jpg)
Үш минут уақыт өткеннен кейін Коутиньо допты қақпаға баспен ұрып, таблоға өз есімін қайта жазды.
![ÐÑÐ°Ð·Ð¸Ð»Ð¸Ñ - ÐоливиÑ: лÑÑÑие моменÑÑ Ð¼Ð°ÑÑа-оÑкÑÑÑÐ¸Ñ ÐÑбка ÐмеÑики 2019 (ФоÑо)](https://telegraf.com.ua/files/2019/06/BrazilS_33_result.jpg)
Ойын нүктесін 23 жасар Гремио ойыншысы Эвертон қойды. Қапталдан айып алаңына ойыса келе, алыстан бағыттаған соққысы Боливия қақпашысына мүмкіндік қалдырмады. Бразилия 3:0 Боливия матчында есебі тіркелді.
![ÐÑÐ°Ð·Ð¸Ð»Ð¸Ñ - ÐоливиÑ: лÑÑÑие моменÑÑ Ð¼Ð°ÑÑа-оÑкÑÑÑÐ¸Ñ ÐÑбка ÐмеÑики 2019 (ФоÑо)](https://telegraf.com.ua/files/2019/06/BrazilS_32_result.jpg)
Ертең, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 01:00-де Копа Америка 2019 турнирі Венесуэла мен Перу құрама командалары арасындағы ойынмен жалғасады. Ал, сағат 04:00-де Аргентина мен Колумбия бақ сынасатын болады.
Мақала авторы: Равиль Ашығалиев