Бразилия
Басты жұлдызынан айырылғанына қарамастан Бразилия ұлттық құрамасы Копа Америка турнирінің жеңімпаздығына басты үміткер болып қала бермек. Құраманың бас бапкері Титенің жойқын қаруы-бұл ойыншыларының сапасы мен мықтылығы. Кейбір, құрама сапындағы өзгерістерді ескермеуге де болады. Мысалы, Аякстің жас жұлдызы Давид Нерез ұлттық құрамасымен алғашқы рет үлкен турнирге қатысқалы жатыр. Селесао ойыншыларының көпшілігі Еуропаның алдыңғы қатарлы чемпионаттарының үздіктері. Және де, Тите бастаған жігіттердің 35 ойында тек 2 мәрте жеңілгенін айта кетейік. Бұл дегеніміз, Бразилия қорғаныста сауатты ал, шабуылда жойқын ойнайтынын көрсетеді. Бразилияны турнирдің фавориті есептелуінің басты және соңғы себебі - турнирдің қожайындары болуында.
Аргентина
Месси және оның жолдастары Бразилиядан кейінгі басты фаворит. Аргентинаның фаворит есептелуі бұл әрине Мессидің арқасы. «Альбиселесте» лидері Месси әдеттегіше маусымын керемет өткізді. Сонымен қатар, болашақта алтын доптың толыққанды иегері атану үшін Мессиге осы турнирдің тұғырынан көріну қажет. Бірақ, Аргентина сапында Мессиден бөлек, әлемдік жұлдыздар бар. Серхио Агуэро, Анхэль Ди Мария мен Николас Отаменди өз құрамасын жеңіске жеткізу үшін тырысып бағары анық. Осындай, жұлдыздары бар Аргентинаның бір ғана осал және бір ғана мықты тұсы бар. Ол, әрине Лионель Месси. Аргентинаның Копа Америкада қалай өнер көрсететіні тікелей осы футболшыға байланысты.
Уругвай
2018 жылғы Әлем Чемпионатының жартылай финалистері тағы бір ірі турнирде таңғалдыруға әзір. Уругвайдың басты қаруы - шабуылы екені мәлім. Өйткені, Копа Америкада үздік шабуылшы жұбы өнер көрсетеді. Кавани мен Суарез құрамаларының үкіліген үміті. Одан басқа, құрамасының жартылай қорғанысында Торейра мен Бентанкур, қорғанысында Годин мен Хименес, қақпасында Муслера өнер көрсететін басты команда фаворит атанбауы мүмкін емес. Егер, Бразилия мен Аргентина шалыс басса, онда Уругвай Копа Американы 16 мәрте жеңген құрама атануға дайын.
Колумбия
Колумбия Копа Америка турниріне сақадай сай. Тәжірбие мен жастық жалынды ұштастыра білген құрама. Команданың басты жұлдыздарының бірі Фалькао кәрі қасқырлардың да жыртқыш санатына жататынын дәлелдемекші. ӘЧ 2018-дегі құрамасының қаһармандарының бірі Йерри Мина мен Давинсон Санчес тағы да сондай нәтиже көрсетуге дайын. Және, Хамес Родригес пен Хуан Куадрадо секілді тәжірбиелі ойыншылар бары бар Колумбия Копа Америка 2019 турнирінің фавориттерінің бірі.
Чили
Чилидің биылғы Америка құрлығының басты турнирінің жеңімпазы атануы екіталай. Бұған басты себеп құрама ойыншыларының жастары үлкеюінде. Және, Алексистің «МЮ» қосалқы құрамынан шыға алмағаны, Варгастың «Тигрес» командасының негізгі құрамына ілінбегені, Медельдің Еуропаның басқа лигаларына қарағанда әлсіз түрік чемпионатында өнер көрсететіні тағы бар. Бұл дегеніміз, Чилидің биылғы аладоп аламанынан үміті аз дегенді көрсетеді. Алайда, чилиліктердің басты қаруы бұл ұйымшылдығы екенін ұмытпағанда жөн. Алдыңғы өткен екі Копа Америка турнирінде Чилиді жеңімпаз тұғырынан көрінеді ойлағандар аз. Сол үшінде белгісіз Чили фавориттер қатарында. Мүмкін, алдыңғы екі турнирдің тағдыры қайталанып, Чили жеңімпаз атанар. Кім біледі?
Мақала авторы: Ашығалиев Равиль