Жарнама
Жарнама

Клубтық деңгей жақсы, Ұлттық Құрама өкінішке орай!

25.04.2020, 22:08
Қазақ Футболы 18 жаста
Жарнама
Жарнама

Бүгін Қазақ футболының туған күні. Яғни,2002 жылы 25 сәуірде Стокгольм қаласында Қазақстан Еуропа футболының біріккен ассоциасына қабылданған болатын.

 

Өзіммен құрдас Қазақ Футболын неге өзіммен салыстырмасқа?!

Қазақ Футболы 18 жылда түк бітірмеді. Әрине менің көзқарасыммен. Атқарылып жатқан іс жоқ емес,бар әрине. Бірақ нәтиже жоқ. Менінде 18 жылда жеткен жетістігім жоқ,сол секілді әңгімеғо. Мен 18 жылда өзіме ақша салсам,оны ақтау үшін барымды саламын. Ал Қазақ Футболына кеткен қаражат қаншама,оны пайдалана білмейді, не болмаса далаға кетеді. Бұл жан ашыгғанның әңгімесі.

 Шотландияны жеңіп, бір қуантса да, Кипрден айласын асырмаған Билектің шәкіртерінен көңілі қалды жанкүйерлердің. Ұлттық Құрама даму кезеңінде, және болашағынан үміт күттірер жас таланттарымыз да баршылық. Оның бірі,бірегейі Ресей Премьер Лигасында ойқастап жүрген Бахтиеріміз. Ростов келісім-шартты ұзартуды ойластырып жатыр деген сыбыста жоқ емес. Ресейде әбден ысылған Бахтиер Құрамаға әлі талай көмегін тигізеді.Иә, Ұлттық Құрамамыз көңілімізден шықпасада, клубтық деңгей бір марқайтады. 

 Клубтық деңгей дегенде Астана ойға бірден келері сөзсіз. Елордалық команда жыл сайын кемі Чемпиондар Лигасының плей-офф раундтынан немесе Еуропа Лигасының топтық кезеңінен қайтады. Осы жылы «Қызыл сойқандармен» бір топқа түсіп,көрерменді қызыққа бөледі. Тіпті,өз алаңымызда "Манчестер Юнайтедті" жеңіпте кеттік. Жыл сайын чемпиондыққа ұмтылып,кемі топтық кезеңге өту. Бұл Астананың мақсаты айқын. Бір сценарий. Іш пыстырарлық. Ал,басқа клубтар Қайрат,Тобыл,Ордабасы Еурокубокте сүреңдеу ойын көрсетіп жүр. Алматылық Қайрат чемпиондықты ұмытқалы қашан. Бәлкім сәтін салса биыл. Футболды тек бизнес ретінде көрмей,халықпен етене араласып жұмыс жасау қажет. Стадионның сапасы белгілі. «Астана Арена» мен «Орталық Стадион» болмаса басқа бірде бір стадион жоқ. Бәрі біледі,көзге көрініп тұр. Бұл мәселені де шешеді деген үміттеміз.

18ге толған Қазақ Футболын даттай беругеде болмас. Жас жеткіншектер мен талантты,ойы ұшқыр,қазақтың намысын жыртар жігіттер бар да Қазақ Футболы өлмейді.

Тағы да туған күнінмен Қазақ Футболы!


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров