"Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп команда құрамының толықтай жасақталғанын мәлімдеді.
Клопп клубтың ресми сайтында: "Ливерпуль" келесі маусымға толықтай дайын және биыл трансферлік нарыққа шықпаймыз", - деген мәлімдеме жасады.
"Ливерпуль" осы жазда 185 миллион еуро жұмсаған. Олардың құрамын жартылай қорғаушылар: Фабиньо, Наби Кейта және Шакири, онымен қоса, қақпашы Алиссон Беккер толықтырды.