«Бетис» - «Гент» - 1.83
Алдын-ала болжанғандай-ақ испаниялық клуб жұптағы фаворит мәртебесін дәлелдеді. Конференциялар лигасының 1/16 финалдық кезеңінің бірінші бәсекесіндегі 3:0-ден кейін «Бетис» екі аяғымен бірақ келесі кезеңге шығып тұр. «Гент» үшін енді ештеңеден қорқудың қажеті жоқ, бельгиялықтар бірақ бәрібір тәуекел етіп көретіні анық.
Алғашқы ойыннан кейін қос команда да өз чемпионаттарында жеңіске жетті. «Бетис» үздік алтылыққа таластағы басты қарсыласы «Реал Сосьедатты» 3:0 есебімен сенімді жеңсе, «Гент» ортаңқол «Беерсхоттан» әрең дегенде айласын асырып кетті 3:2.
Қос команданың бірінші ойынын ескере отырып, қарымта матчта алаң иелері көп күш жұмсай қоймайды деп топшылаймыз. Болжам – екі команда да гол соғады. Fonbet.kz бұған 1.83 коэффициент беруде.
«Хайденхайм» - «Копенгаген» - 1.85
«Хайденхайм» сырт алаңдағы жеңісінен кейін келесі кезеңге бір табан жақын. Неміс командасы негізгі бәсті еурокубок ойындарына қойып отырғанға ұқсайды. Бундеслигада әйтпесе команданың жағдайы өте нашар, қазір ұшуға басты үміткердің бірі осы «Хайденхайм.
Даниялық клуб болса үзілістен кейін қайта жалғасқан чемпионатының бірінші матчында жеңіске жетіп, көш басындағы позициясын сақтап қала алды. Енді бүгін Данияның топ-клубы сырт алаңда есесін қайтара ала ма?
«Хайденхайм» өз алаңындағы соңғы жеті матчта гол жіберген. Ал бүгінгі кездесудің қонақтары соңғы үш ойынын голсыз аяқтамады. Біздің болжам – «Хайденхайм» екінші таймда гол соғады. Командалар үзілістен кейін ашық футболға көшетін сияқты. Даниялық клуб тәуекелге бел буып, ашылады, ал алаң иелері осыны пайдалануы тиіс. Бұл нұсқаның коэффициенті 1.85
«Олимпия» Любляна – «Борац Банья Лука» - 1.85
Бір апта бұрынғы кездесуде словениялық команданың жолы болған жоқ. Матч бойы басымдық танытып жатып, бір ойыншысы алаңнан қуылды. Осыдан кейін босниялықтар соңғы сәтте есеп ашып, жеңісті жұлып алған болатын. Енді «Олимпия» футболшылары соның қарымтасын қатаруды ойлайды.
Бүгінгі кездесудегі алаң иелері өзінің чемпионатында осы демалыста сенімді жеңіске жетті 3:0. Демек, Любляна қаласының футболшыларының жігері құм болмаған, келесі кезеңге шығу үшін барын салмақ.
Біз бұл бәсекеде алаң иелері келесі кезеңге аяқ басады деп жорамал жасаймыз. 0:1-деген сондай бір жеткізбейтін меже емес, «Олимпия» алғашқы ойыннан сабақ алып, сауатты қимылдаса алынбайтын қамал жоқ. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі бұл нұсқаны таңдағандарға 1.85 коэффициентін тарту етеді.
Біздің серіктес: FONBET