Жарнама
Жарнама

Хосеп Гвардиола: күмәнсіз, «Реал» дәл қазір Чемпиондар Лигасының трофейіне басты үміткер

20.02.2025, 10:46

Хосеп Гвардиола «Реал» Мадрид – «Манчестер Сити» арасындағы 1/16 финалдық кезеңінің қарымта кездесуінің нәтижесіне қатысты пікірін айтты.

Хосеп Гвардиола
Жарнама
Жарнама

Бүгін түнде өткен жауапты ойында корольдік клуб жауапсыз үш гол салып, екі матч қортындысында келесі кезеңге аяқ басқан еді. 

«Реал» Мадрид – ары қарай өтуге лайықты ғажап клуб. Ал біз қажетті деңгей көрсете алмадық, 1/8 финалда өнер көрсетуге де лайық емеспіз. Бұл үлкен тәжірибе және келесі маусымда тағы осы жерден көріну үшін біз оны қабылдауымыз керек. Күмәнсіз, «Реал» дәл қазір Чемпиондар Лигасының трофейіне басты үміткер, алайда басқа да мықты командаларды ұмытпау керек», - деді испаниялық маман.

Айта кетейік, кеше сондай-ақ, ЧЛ 1/8 финалдық кезеңіне «Боруссия» Дортмунд, «ПСВ», «ПСЖ» командалары шыққан болатын.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров