Жарнама
Жарнама

«Хан Тәңірі» командасы Бірінші лигадан бас тартты

Келер жылы Алматының «Хан Тәңірі» командасы футболдан Қазақстанның Бірінші лигасына қатыспайды. Клуб басшылығы Қазақстан футбол лигасы ұйымына чемпионаттан бас тартатыны туралы хабарлама жіберген.

Жарнама
Жарнама

ҚФЛ бұл ақапаратты ресми растап отыр. «Хан Тәңірі» жеке клуб. Биыл Бірінші лигада тым жақсы өнер көрсетіп, ҚПЛ-ге талас жүргізген болатын. Бірақ, 28 ойында 55 ұпай жинап, турнирлік кестеде 5-ші орынға тұрақтады. Жалпы «Хан Тәңірі» жеке клуб болғанымен өз стадионы мен базасы бар. Тіпті, елорданың «Астанасы» өткен маусымда дәл осы «Хан Тәңірінің» стадионында біріншілік ойындарын өткізген еді. Амбициясы жоғары жеке клубтың орта жолда өз мақсатынан бас тартуына не себеп болды екен?  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: