Жарнама
Жарнама

ҚФФ-ның жаңа президенті жайлы: қасына жаңа команда жинайтыны түсінікті...

24.12.2024, 10:50

Ануар Әбдрахманов ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымына Станислав Черчесов пен ҚФФ-ның жаңа президенті Марат Омаров туралы ойын айтты.

Марат Омаров
Жарнама
Жарнама

Отандық журналистің пікірінше Қазақстан құрамасының бас бапкерін орнынан алу туралы шешім әлі нақты қабылданбаған.  

«Бізде жаңа президент енді сайланды, лауазымды қызметке Марат Омаров тағайындалған. Футбол әлеміндегі жаңа есім, қасына жаңа команда жинайтыны түсінікті. Одан бөлек Қазақстан футбол федерациясына Саян Хамитжанов қайтып оралды – өз кезінде «Астанамен» толайым табысқа жеткен тәжірибелі функционер. Ал Черчесовтың өз орнынан кетуі мүмкін деген әңгімелер туралы... Меніңше, федерацияның өзі бұл жөнінде нақты шешімге келе алған жоқ», - деді А. Әбдрахманов.   

Айта кетейік, Станислав Черчесовпен келісімшартты ҚФФ-ның экс-президенті Әділет Бәрменқұлов 2024 жылдың маусымында екі жылға жасасқан болатын. Егер де осы келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылған болса, құзырлы орған Черчесовке 1 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров