Жарнама
Жарнама

ҚФФ басшысы отандық футболды өркендетудің жаңа жүйесін ұсынды

17.10.2024, 14:05

Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының ФИФА мен УЕФА ұйымдарымен бірлескен жұмысын мысалға келтірді.

ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов
Жарнама
Жарнама

ҚФФ президенті осындай бағыттағы жұмысты отандық футболды дамыту жүйесіне пайдалануды ұсынған болатын.   

«Біз бүкіл командамызбен УЕФА мен ФИФАҒА бағдарлама, жобалар даярлаймыз. Барлық сараптамалық бағалаулардан өтіп, соларды қорғаймыз. Сараптама бағалауы жақсы нәтиже бергеннен кейін, қаржылай қолдау алып, соны ары қарай іске асырамыз. Бағдарлама іске асырыла бастаған соң бізге сараптама комиссиясы келіп бүкіл үдеріс оң нәтиже бергенше дейін бақылауға алады. Тура осылай істеуді ұсынамын. ФИФА мен УЕФА 211 елмен бірлесіп атқара алса, неге біздің шамамыз 20 аймаққа келмеуі керек?    

ҚФФ президенті Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардан (Туризм және спорт басқармасы), ҚФФ, ҚКФЛ мен қоғамдық бақылау ұйымдары секілді органдардан тұратын дәл осындай сараптама комиссиясын құруды ұсынды. Сондай-ақ, Әділет Назарбайұлы Федерацияда мұндай комиссияның функционалдық міндеттерін жүйелейтін, құжат тапсыру мен қаржыландыру үдерісінің жүзеге асуы толық көрсетілген құжаттың барына назар аударды.

«Егер біз ҚФФ-ның ФИФА мен УЕФА-мен бірлескен жұмысының моделін жүйелендіріп, іске қоса алсақ, едәуір нәтижелерге қол жеткізетін едік. Бұл ретте шығынның өтелуін ескеру маңызды. Жұмсалған әрбір теңге нәтиже беруі тиіс. Бұл бізге таныс және оны іс-жүзінде көрудеміз», - дегенді де қоса кетті Ә.Назарбаев.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров