Кепа Аррисабалага Ағылшын премьер-лигасында қақпаға ұшқан допты қайтару көрсеткіші бойынша ең нашар қақпашының бірі. Бұл туралы Utd Arena порталы хабарлайды. Аталған ақпарат көзінің есептеуінше Кепа "Челси" қақпасына тура ұшқан барлық соққының 55.4% дарытпаған. Яғни, екі соққының бірі торда тулаған. Бұл Ағылшын біріншілігіндегі ең төмен нәтиже.
Ал Еуропаның белді 7 чемпионатын қоса есептегенде 132 қақпашының ішінде 127-орынға ие.
Айта кетейік, биылғы маусымда Аррисабалага АПЛ-да 22 ойынға қатысып, 29 доп жіберіп алған.
Испаниялық қақпашы мен "Челси" арқасындағы келісім-шарт 2025 жылға дейін жарамды.
Лондон ұжымы 2018 жылы "Атлетик" командасынан 80 млн. еуроға сатып алған еді. Қазір Кепа әлемдегі трансфері ең қымбат қақпашы.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET