Танымал маман Асқар Қожабергенов Sports.kz-ке берген сұқбатында Ислам Чесноков пен «Тобыл» туралы ойын айтты.
«Бірінші турда «Ұлытауды» жеңгеніне қарамастан «Тобыл» әлі өзінің ойынын таба алған жоқ. Бұл ең бірінші кезекте Ахмед Эль-Мессаудидің әлі бабына келе алмай жатқанына байланысты болуда. Қазір ол өзін әлі ауыр сезінеді. Былтыр қостанайлықтардың ойын мәнері мен нәтижесін айқындаған осы футболшы болатын. Ал биыл бірінші турда «Тобылға» нәтиже әкелген Ислам Чесноковтың жеке шеберлігі. Ал «Жеңіске» қарсы бәсекеде бұл жеткіліксіз болды», - деді отандық маман.
ҚПЛ-дің бірінші турында «Тобыл» премьер-лиганың жаңа өкілі «Ұлытауды» 2:0-мен жеңіп, үш ұпай олжалаған. Ал өткен демалыста қостанайлықтар «Жеңіспен» ойнап, тең тарқасқан болатын 0:0. ҚПЛ-2025-тің екі турынан кейін «Қайрат» пен «Астана» 1-2-орындарға ие болуда. «Тобыл» 4 ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET