Жарнама
Жарнама

Қазақстандық бапкер: Астаналық команда қос ойын қортындысында келесі кезеңге өтуі тиіс деп ойлаймын

24.07.2024, 14:46

Ертең «Астана» мен «Тобыл» Конференция Лигасының екінші кезеңіндегі бірінші кездесулерін өткізеді. Григорий Бабаян жаттықтыратын астаналықтар жарысты осы айналымнан бастаса, қостанайлық ұжым Еуропа Лигасындағы сәтсіздіктен кейін тағы бір мүмкіндік алып отыр.

Бауыржан Исламхан
Жарнама
Жарнама

Осы орайда отандық маман Алмас Құлшынбаев «Sports.kz» ғаламтор-порталына Еурокубоктегі қазақстандық клутардың мүмкіндігі жайлы ойымен бөліскен болатын.     

«Астана – бұл жұптың сөзсіз фавориті және меніңше «Милсами» «Петрокубтың» ерлігін қайталап, қазақстандық команданы ұтып кете алмайды. Астаналық команда қос ойын қортындысында келесі кезеңге өтуі тиіс  деп ойлаймын. Ал швейцариялық клубтар бұл мүлде басқа деңгей. Олардың ұлттық құрамасы Еуропа біріншілігінде әлеуетін танытты. «Тобыл» былтыр «Базельді» жарыс жолынан шығарып, сенсация жасаған, алайда швейцариялық команданы екінші рет қапы қалдыратын қауқары жоқ деп секілді. Командалардың келесі кезеңге өту мүмкіндігін 70 те 30 пайыз «Санкт-Галлен» басым деп бағалаймын. Қалай дегенде де, қазақстандық барлық ұжымның келесі кезеңге өтуіне тілектеспін», - деген еді А.Құлшынбаев.

Айта кетейік, Конференция Лигасының екінші кезеңінде ел намысын  «Астана» мен «Тобылдан» бөлек, шымкенттік «Ордабасы» да қорғайды. Кеше Александр Седневтің командасы сырт алаңда люксембургтің «Дифферданж 03-мен» кездесіп, 1:0 есебімен жол берді. Қарымта кездесу 1-тамызда «Ордабасының» алаңында өтеді.    
 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров