Танымал отандық маман Болат Есмағамбетов ӘЧ-2026 іріктеу матчтарының кеңейтілген тізіміне шақырту алған футболшыларға тоқталды.
Ардагер әсіресе, шабуыл шебінде өнер көрсететін ойыншылардың әлеуетін тілге тиек етіп, олардың шеберлігіне баға берді.
«Қазақстан құрамасына тәжірибелі Абат Айымбетов, Максим Самородов пен Артур Шушеначев секілді футболшылар көмектеседі деп сенемін. Ал кеңейтілген тізімдегі өзге шабуылшыларға шеберлігін ең алдымен өздерінің клубтарында дәлелдеп, сол жерде гол соғулары керек», - деді ардагер.
Айта кетейік, ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен шеберлік байқаспақ. Алғашқы екі турда Қазақстан Лихтенштейн және Уэльске қарсы кездесу өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET