Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Тұранға» ауысуға жақын

08.01.2025, 12:07

Біздегі ақпаратқа сай, Абылайхан Жұмабек келесі маусымда «Тұран» сапында өнер көрсетпекші.

Абылайхан Жұмабек
Жарнама
Жарнама

23-жастағы шабуылшы түркістандық клубпен бірге оқу-жаттығу жиындарына бара жатыр. Осы жиыннан кейін қос тарап келісімшартқа қол қоятын көрінеді.

Абылайхан Жұмабек өткен маусымда талдықорғанның «Жетісуының» жейдесінде доп тепті. ҚПЛ-2024-те сұрмерген 19 матчта алаңнан бой көрсетіп, бір рет мергендік танытқан болатын. Ал жалпы, Қазақстан премьер-лигаларында 88 ойында 12 гол салып, 3 ассист берген. А. Жұмабектің мансабында талдықорғандық ұжымнан бөлек, «Ақтөбе», «Тараз» және «Тараз-Қаратау» сынды клубтар болғандығы мәлім.

Жамбыл футбол мектебінің түлегі өзінің алғашқы қадамдарын «Тараз-Қаратау» командасында бастап, «Таразда» шыңдала түсті. Содан кейін «Ақтөбе» қатарында өзін жақсы қырынан танытып, ұлттық құрама қатарына шақырту алған еді. Жалпы, Жұмабек Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында 2 кездесуге қатысты. transfermarkt.com порталының нұсқасы бойынша, футболшының нарықтық бағасы 150 мың еуро.

Сондай-ақ, біз осыған дейін түркістандық клуб қатарын Бауыржан Байтана толтыруы мүмкін екенін де жазған болатынбыз.        

Естеріңізге сала кетейік, «Тұран» өткен маусымда премьер-лиганы 12-орынмен аяқтаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров