Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының нөмірі бірінші қақпашысы анықталды

28.11.2024, 15:08

Григорий Бабаян «Астананың» қақпашысы Мұхамеджан Сейсеннің өнеріне жоғары баға берді.

Мұхамеджан Сейсен
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, елордалық қақпашы Конференциялар лигасының үшінші турында сырт алаңда «Пафоспен» болған ойында шеберлігін паш етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген еді.

«Мен Мұхамеджанды баяғыдан бері білемін. Былай айтайыншы, «Астанаға» ауыспай тұрып, оны тіпті құрама командаға да шақырмайтын еді. Осыған дейін оның халықаралық тәжірибесі болған жоқ, бірақ енді осындай деңгейде өнер көрсетуде. Қақпашыларды қалай дайындау керектігін білеміз және жеке өз басым Сейсеннің болашақта Қазақстанның нөмірі бірінші қақпашысына айналатыны даусыз деп айта аламын», - деді елордалық клубтың бас бапкері.

Мұхамеджан Сейсен «Астанаға» дейін «Ордабасы» мен «Тараздың» жейдесінде өнер көрсетті. Естеріңізге саламыз, бүгін елордалық клуб Конференциялар лигасының төртінші туры аясында португалияның «Витория Гимарайншымен» шеберлік байқасады. «Астана» бірінші турда сербиялық «ТСЦ Бачка Тополаны» 1:0-мен ұтса, қалған екі кездесуде уэльстің «ТНС» командасы (0:2) мен кипрдің «Пафосынан»  ұтылды (0:1). Бесінші турда елордалықтар Алматыда «Челсиді» қабылдамақ. Ал турнирдегі соңғы матчын 19-желтоқсанда Кипрде «Апоэльге» қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров