Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алғашқы баспасөз-мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, ұлттық командаға қатысты ойын ортаға салды.
Шара кезінде бұдан бөлек жаңа лауазымдағы жалақы мәселесін де тілге тиек етті.
Маған ел намысын қорғау мәртебесі бұйырып отыр. Марат Талғатұлымен әзірше белгілі бір жалақының мөлшері жөнінде әңгімелесе қойған жоқпын. Қандай сома тағайындаса, соған жұмыс істеймін. Ештеңе бермесе де, жұмысымды жалғастыра беремін. 20 млн халық сенім артып тұрғанда, ешқандай сома сөз бола алмайды. Ал Станислав Черчесовтің жалақысы менің құзырымдағы дүние емес, сондықтан оны талқылай алмаймын», – деді бас бапкер.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әли Әлиевтің бас бапкерлігімен ӘЧ-2026 аясындағы іріктеу кезеңінің ойындарында өнер көрсетпек. Алғашқы қарсыластар Лихтенштей мен Уэльс. Қазақстан іріктеу турниріндегі жорығын наурызда бастайды. Ұлттық команда J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен таласады.
Біздің серіктес: FONBET