Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев өзінің алғашқы баспасөз-мәслихатына қатысты.
Жиын барысында Әли Ханәлиұлы БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Бас бапкер сондай-ақ, тілшілердің құрама қатарына Дастан Сәтпаевты шақырасыз ба деген сұрағына қатысты пікірін айтқан болатын. «Дәл осы жерде отырғандардың арасынан неше адамның 16-жасар баланы ұлттық құрамаға шақыртуға дауыс беретінін білмеймін. Физика, психология дейтін дүниелер бар. Қазақстанның өлшеміндегі үлкен чемпиондарды көрген соң ол психологиялық тығырыққа тірелуі мүмкін. Біз оның деңгейін алдымен жастар құрамасы арқылы халықаралық деңгейде тексеріп көруіміз керек. Ол қорықпайды, саспайды, кейде тіпті жас кезіндегі Самородовты еске түсіреді. Алайда, психологиялық тұрғыда біз қазір оған зиян тигізіп алуымыз кәдік», - деді ұлттық құрама бас бапкері.
Айта кетейік, Қазақстан наурызда ӘЧ-2026 аясындағы іріктеу ойындарын бастайды. Біздің команда алғашқы екі турда Лихтенштей мен Уэльске қарсы өткізбек.
Біздің серіктес: FONBET