Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореяға есе жіберді

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Түркияда Солтүстік Корея елінің футболшыларымен жолдастық кездесу өткізді. Жуырда еліміздің бас командасын тізгіндеген Әли Әлиевтің эксперимент жүзінде жинаған құрамасы қарсыласқа 0-2 есебімен есе жіберді. 

Жарнама
Жарнама

Бұл матч бейресми кездесу болған соң ойынның нәтижесі маңызды емес еді. Дегенмен, ұлттық құраманың есігін қағып тұрған жастарға осы оқу-жаттығу жиыны өздерін көрсетуге үлкен мүмкіндік болатын. Бірінші тайм алма кезек шабуылдармен басталды. Кореялықтар небәрі ойынның 10-минутында есепте ашуға жақын болды. Қорғаушылардың артынан сытылып шыққан Ри Иль Сон допты қақпашының үстінен әдемі асырғанымен қақпа маңдайшасына тиіп алаңға кері серпіді. Қарсыластың бұл ұмтылысына Қазақстан ойыншылары да өткір шабуылмен жауап қайтарды. Наурызбек Жагоровтың сол қапталдан айып алаңына асырған пасын Серікжан Мужиков іліп әкетіп, қақпа алдына қарай әуелете тастады. Алайда, Айбар Жақсылықовтың 3-4 метр жерден баспен ұрған соққысы тек қақпаның маңдайшасын сілкіндірді. Жалпы бірінші тайм 0-0 есебімен тең аяқталды.
Екінші кезеңде Әли Ханалиұлы алаңға тыңнан ойыншылар шығарып, біраз өзгеріс жасады. Бар қызық содан кейін басталды. Үзілістен соң Солтүстік Корея футболшылары белсенділігін арттырып, алаңның әр бұрышында қысым көрсетуге көшті. Және бұл тактикасы көп ұзамай өз нәтижесін берді. Дәлірек айтқанда Равиль Атыханов қарсыласқа жоқ жерден гол сыйлады. Матчтың 70-минутында артқа сәтсіз пас қайтарған қорғаушының қателігін кореялықтар тамаша пайдаланып, Ри Иль Сон мергендігімен көзге түсті. Есеп 0-1. Шыны керек, жіберілген голдан кейін біздің жігіттер біразға дейін абдырап қалды. Алдыңғы шепте жалғыз жүрген Айбар Жақсылықовқа алыстан пас асырумен ғана шектеліп, аса бір қауіпті ұмтылыстар ұйымдастырмады. Ұлттық құрама жейдесінде бұл ойында ара-тұра жеке дара шеберлігімен көзге түскен Алияр Мұхамедті ерекше атап өтуге болады. Қалған футболшыларға бас бапкер өз бағасын бере жатар. Ал кездесудің ең соңғы минутында қорғаушылар тағы қапы қалып, өте жылдам жүгіретін Ри Иль Сон қақпашымен бірге-бір шығып Бекхан Шайзададан айласын асырды. Қорытынды есеп 0-2 Солтүстік Корея сенімді түрде жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров